Қазақстан вице-премьері, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» директорлар кеңесіне мүше болды. Ал экс-министр Нұрлан Байбазаров кеңес құрамынан шығарылды.
Қордың директорлар кеңесіндегі өзгеріс туралы мәліметті Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялады.
Қор мәліметінше, қазір директорлар кеңесінің құрамында жеті адам бар. Олар:
Серік Жұманғарин Елена Бахмутова Райымбек Баталов Ардақ Қасымбек Рустам Қарағойшин Жандос Шайхы Гаухар Бурибаева.«Даму» қоры 1997 жылы республикадағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған. Қордың басты мақсаты – шағын және орта кәсіпті дамыту.
«Даму» қорының жалғыз иегері – «Бәйтерек» холдингі. Ол Қазақстан үкіметіне тиесілі.