Ресей президенті Владимир Путин санкцияға қарамастан, Каспий құбыры консорциумының (КҚК) жөндеу жұмыстары үшін қажетті құрылғылары елге кіргізуді ұсынды. Консорциум инвесторларының қатарында Қазақстан да бар.
Путин не деді?
18 ақпанда кешке Путин үкімет мүшелерімен жиналыс өткізіп, КҚК мұнай өңдейтін станциясына дрондардың шабуыл жасауына қатысты пікір білдірді.
Оның түсіндіруінше, КҚК тек ресейлік емес, халықаралық ұйым. Тиісінше жөндеу жұмысына шетелдік инвесторлар да атсалысуы керек.
«Менің түсінуімше, өнімді бөлу бойынша келісімге сай ол (КҚК – ред.) шетелдік акционерлерге тиесілі. Шабуыл нәтижесінде болған шығынды есептеуге де сол компанияның өкілдері қатысады. Нысанды қалпына келтіру мүмкіндігі мен мерзімін бағалайды. Ендеше...