«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы электрқуаттау станцияларының тізімін жариялады. Ұлттық оператор мәліметінше, бүгінгі күні ел бойынша 43 заманауи жылдам қуаттау бекеті іске қосылған.
«ҚазАвтоЖол бекеттер өңірлерді байланыстыратын негізгі бағыттарда орналасқанын, электркөліктердің басты көлік дәліздері арқылы кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ететінін атап өткен.
Электрқуаттау станциялары орналасқан орындары:
1. KAZ06 «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» – 18 ЭҚС:
• АйшаБибі (535 км) – GasEnergy (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт)
• Тараз (475 км) – Royal Petrol (160 кВт), GasEnergy (160 кВт)
• Ақтоған...