Мемлекет басшысы Қазақстанның Мексика, Индонезия, Латвия елдеріндегі елшілерін ауыстырды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басышысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», делінген хабарламада.
Сарекеновтың орнына Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов тағайындалды.
Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол мұның алдында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. Пірімбетовтың орнына Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына...