Әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның зәулім үйін айына 230 мың доллар немесе 114 млн теңгеге (1 доллар – 498 теңге, ред,) жалға алуға болады. Оны сатып алған HAN Capital инвестициялық компаниясы жалға бере бастады деп жазады Realtor.com.
«Ерекше шара ұйымдастырсаңыз да, сыйлы қонақтар күтіп алып немесе жоғары деңгейдегі бизнес-демалыс жоспарласаңыз да, бұл үй бақуатты өмірдегі таңғажайып демалыс үшін арналған», – деп жазылған хабарландыруда.
Хайленд-Паркте орналасқан зәулім үйдің 9 жатын бөлмесі, 19 жуыну бөлмесі бар. 14 тұрақ орны, бассейн, теннис корты және гольф ойнауға арналған алаңқай да орналасқан. Сондай-ақ толыққанды баскетбол алаңшасы және сигара бөлмесін...