Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ төрағасы, мәртебелі сауд ханзадасы Абдулазиз бен Салманмен, Ресей вице-премьері әрі ОПЕК+ тең төрағасы Александр Новакпен, сонымен бірге ұйымның Бас хатшысы Хайтам Әл-Гаиспен телефон арқылы келіссөз жүргізді.
Сәтқалиев мұнай өндіруші елдер қауымдастығының басшыларына Қазақстан қаңтар айында не себепті мұнай өндіруді ұлғайтқанын түсіндірді.
Министр мұны Теңіз мұнай кен орнында жаңа үшінші буын зауыты жұмыс істей бастағанымен байланыстырды. Сәтқалиевтің айтуынша, бұған дейін Теңіздегі өндірісті ұлғайту маусым-шілде айларында басталады деп жоспарланған. Ал қаңтар айында кеніште жаңа қондырғы сынақтан өткен, сол себепті мұнай өндіру көрсеткіші ұлғайған.
Сәтқалиев Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерін әлі де толық ұстанатынын айтты. Енді билік...