Түнгі боран Германияны қысқы ертегіге айналдырғанымен, көптеген қиындық әкелді деп жазады BILD басылымы.
Жол апаттары мен ұшақтардың кешігуі
Берлинде қардың кесірінен бірнеше сағат ішінде 121 жол-көлік оқиғасы болды.
«Бұл әдеттегіден әлдеқайда көп жол апаты», – деп мәлімдеді полиция өкілі Berliner Morgenpost басылымына берген сұхбатында.
Қалың қар Берлин әуежайындағы рейстердің кешігуіне де себеп болды. Әуежай өкілінің айтуынша, ұшу-қону жолақтарын тазалау көп уақыт алғандықтан, көптеген рейс кешігіп ұшқан.
Өзге оқыс жағдайлар
Саксонияда алып жүк көлігі жел генераторының қалағымен бірге мұз басқан жолда тұрып қалған. Оған баратын жол жабылғандықтан, көлік сол жерде дүйсенбіге...