Фото: shutterstock.com
Ресей Думасының елдің ішкі ісіне шет мемлекеттерінің араласу фактілерін тексеру жөніндегі комиссиясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясындағы серіктестеріне «шетелдік агенттердің» тізімін бермек. Комиссия төрағасы Василий Пискаревтің айтуынша, бұл тізім «көршілерді қызықтыруы мүмкін». Оған шетелдік 110 ҮЕҰ кірген.
Пискарев Ресейде «шетелдік мүддені» қорғайтындар туралы ақпарат ТМД елдерін де қызықтыруы мүмкін деп санайды.
«Біздің ойымызша, Достастық елдері парламентшілерінің басты міндеті – шетелдіктердің елдің ішкі ісіне араласу әрекеттеріне бірлесіп қарсы тұру. Біз ТМД елдеріндегі серіктестерімізге Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін 110 шетелдік ҮЕҰ-ның тізімін береміз», – дейді ол.
Айта кетейік, Ресей Федерациясында шетелдік агент ретінде танылған ресейлік өнерпаз Максим...