Ғылым және жоғары білім министрлігі қаңтардағы ҰБТ аяқталғанын, оны 164 мыңға жуық талапкер тапсырғанын хабарлады.
Тіл бойынша бөлініс
Талапкерлердің 76,81%-ы тестілеуден қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде өткен.
Орташа балл мен бейіндік пәндер
Шекті балды 70,35%-ға жуық талапкер жинаған. Орташа балл 65,81-ді құраған. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.
Сынаққа қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-ы тапсырды. «Биология-Химия» пәндерін 17,27% таңдаған. Сондай-ақ топ-3 қатарына талапкерлердің 10,29% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 197 адам тапсырған.