Күзде егістіктерден жиналған астықтың 20 млн тоннасы әлі қамбада тұр. Үкімет оның 12 млн тоннасын экспорттауы керек. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық өткізудің жаңа бағыттарын іздеп жатқанын айтты.
«Үкімет қолдауының арқасында былтыр 26,8 млн тонна астық жиналды. Соның 4,8 млн тоннасы экспортқа шықты. Қамбада қазіргі уақытта 20 млн тоннаға жуық астық қалды. Оның 12 млн тоннасын экспорттауымыз керек. Экспорттаудан бөлек, қамбадағы астық мал шарушалықтарына сатылып, диірмендерге жіберіліп жатыр», – деді министр.
Көктемгі дала жұмыстары басталуға жақын қалған тұста, қамбада қалып қойған астық көлемі әлі де көп. Бұл өнімді өткізу үшін министр...