Еуропаның солтүстік-батысында күн суытуына байланысты құрлықта газ бағасы көтеріліп, 2023 жылғы ақпандағы рекордтық көрсеткішке жетті. Биржадағы баға отынға сұраныстың артуына байланысты құбылды. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды.
Рекордтық көрсеткіш
10 ақпан, дүйсенбіде газдың наурыздағы фьючерстер бағасы 4,1 пайызға көтеріліп, 1 МВт.c құны 58.75 еуроға дейін жетті. Дәл осындай рекордтық көрсеткіш соңғы рет 2023 жылғы ақпанда тіркелген.
Еуропаның солтүстік-батыс елдерінде жақында күн суиды деп болжанды, соған байланысты отын бағасы да көтеріліп жатыр, деп жазды агенттік. Тұтыну көрсеткіші артқан сайын онсыз да қоймалардағы толық емес қор одан бетер азайып кетті. Себебі 2022 жылғы энергетикалық дағдарыс отын қорын толтыруға кедерг...