Жамбыл облысында қылмысты жасырған полиция басшысының орынбасары ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары ауыр қылмысты әдейі жасырды деген күдікке ілінді. Прокуратура Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі («Қылмысты жасыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қандай қылмыс жасырылған?
Күдікті полиция қызметкері 10 700 000 теңге көлеміндегі ұрлық туралы арызды Біріңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркемей, қылмыстық істі жасырған.
«Тергеу барысында бұл әрекеттің алдын ала сөз байласқан топпен жасалғаны анықталды. Сондықтан күдіктінің әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Ауыр қылмысты топпен жасыру») бойынша сараланды», делінген хабарламада.