Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2015 жылдан бері қарыз алушылардың баспанасын сақтауға және борыш жүктемесін едәуір төмендетуге бағытталған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бұл бағдарлама әлі де жалғасып жатыр және қаражат жымқырылды деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Реттеуші осылай деп мәлімдейді.
Аталған бағдарлама аясында 48,4 мың адамға 318,2 млрд теңге көлемінде көмек берілген.
«Бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауды күшейту мақсатында борыш жүктемесін азайту, сондай-ақ банктердің балансындағы жалғыз баспананы меншікке қайтару түрінде қосымша қолдау шаралары іске асырылды. Мемлекеттің көмегін 10,6 мың қарыз алушы алды», – деп жазылған агенттік хабарламасында
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру...