Парламент депутаты Ермұрат Бапи Kursiv.Mediaға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаевтың бір миллиард АҚШ долларын қайтаруына қатысты пікір білдірді.
Оның ойынша, бұл қаражат Құлыбаев үшін тым аз. Жоқ дегенде бұл отбасы мемлекетке 7 миллиард АҚШ доллар қайтару қажет. Оның сөзіне қарағанда, олигарх сүйек лақтырып, шетелге әкеткен қаражатын заңдастырып алмақ.
Тимур мен Динара Құлыбаевтардың активі 9 миллиардтан асады
Депутат Құлыбаевтың және «ескі Қазақстанның» басқа да олигархтары заңсыз жылыстатып әкеткен активтерді қайтармаудың амалын жасап жатыр деп есептейді.
«Мұны «жарна» деп қоғамды алдарқатуы заңға томпақ келеді. Активтерді қайтару жөнінде заң бар. Онда жүз миллионнан аса активтерд...