Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары болған Тимур Садвакасовқа іздеу жариялады. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының қылмыскерлерді іздестіру бөлімінде жарияланды.
Портал мәліметінше, Садвакасов 5 ақпаннан бері іздестіріліп жатыр.
Садвакасовты не үшін іздеп жатыр
Ақпаратта Садвакасовтың есімі СҚО-дағы заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісі бойынша төрт күдіктінің бірі ретінде аталады. Бұл істегі негізгі айыпталушылар — Обухов тау-байыту комбинатының тең төрағасы Виктор Долгалев пен оның ұлы Данил Долгалевке жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айып тағылған. Ал Тимур Садвакасов пен Санат Құрманбаев пара беруге итермелеу және алаяқтық баптары...