Финляндияның Хелсиньки әуежайында Қазақстанға бағыт алған Beechcraft атты жекеменшік ұшақ желтоқсан айының басында тоқтатылып, әлі ұша алмай жатыр. Бұл туралы литвалық LRT басылымы жазған.
Желтоқсан айында Литвадан Ресейдің Псков қаласына ұшып, Хельсинки әуежайына жанармай құю үшін қонған. Фин шенеуніктері маршрутты ескеріп, ұшқыш санкцияларды айналып өтті деп күдіктенген. Ұшқыштардың бірі Литва азаматы Робертас Петкус бұрын санкциялардан жалтару схемаларына қатысқан деп күдікке ілінген.
Басылымның хабарлауынша, Beechcraft ұшағы жаңа сатып алушыға жеткізілуі керек болған. Вильнюсте сатылған ұшақ Қазақстанға келу керек болған. Жеке ұшақ елдегі базаға жеткізілуі керек еді. Бұл туралы басылымға ұшақ бортында болған Робертс Климович есімді азамат айтып берген.