Астана соты өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырғаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлын 8 жылға соттады.
«Қылмыстық тергеу органы М. және Ж. есімді азаматтар алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде (ҚК – нің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі) жымқырды деп айыпталды», – деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.
Айыптылған екі азаматтың бірі Асқар Мұратұлы болса, екіншісі бас мердігер болған. Олар 2000-шы жылдардан бері таныс болып шықты.
«ҚазАвтоЖол» экс-басшысына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл бас...