Қыз алып қашқандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті заңға қол қойғанын президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Қол қойылған заңға сәйкес мынадай кодекстерге өзгеріс енгізілген:
Қылмыстық кодекс; Қылмыстық-процестік кодекс; Қылмыстық-атқару кодексі; «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі; «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заң; «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және бірқатар заңдарға түзету енгізілген.Ақорда мәліметінше, түзетулердің бірінші блогында қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету көздеген. Екінші блогта қылмысты...