Екі аптадан бері із-түссіз жоғалған қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваны іздеу үшін туыстары Германияға аттанды. Экс-судьяның жақындарына виза алуға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көмектесті.
Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық азаматша Айгүл Сайлабаевадан әлі ешқандай хабар жоқ екенін мәлімдеді.
«Жоғалған азаматшамыздың анасы мен ағасына Германияға виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірше бар ресми ақпарат осы», – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз брифингінде.
Айта кетейік 5 маусымда Германияның Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан арыз түскен. Қазақстандық әйелдің туыстары оның 3 маусымнан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.
Айгүл Сайлыбаева...