«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Career Enbek цифрлық платформасын әзірлеп жатыр. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Career Enbek – бұл Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және т. б. ҰБЖ базалық құралдары бойынша, еңбек нарығында мансапты дамыту бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйе.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Career Enbek-те пайдаланушыға кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізімімен танысуға және таңдалған мамандық бойынша емтиханға жазылуға мүмкіндік беріледі. Платформа біліктілік пен дағдыларды бағалау мен тануды ұйымдастыру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беред...