9 елден келген 150 қандас бала Бурабайдағы Jas Qazaq этно-жазғы лагерінде бас қосты.
Бұл жолы лагерьге АҚШ, Түркия, Польша, БАӘ, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қазақ диаспорасының балалары қатысып жатыр. Бұл дарынды, ынталы балалар, өздерін оқуда және Ұлттық жобаларда көрсетті. Ең бастысы, туған тамырымен байланысын сақтап қалды.
Балалар 2 апта ішінде домбырада ойнауды үйреніп атқа мінеді, киіз үй құрастырады. Сондай-ақ қазақтың мәдениеті, тарихымен тереңірек танысатын болады.
Jas Qazaq лагер...