Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, өңірдегі Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлері 6 млн теңгеден астам сомасын жымқырып келгені анықталды. Атап айтқанда балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеп, жоғары сыйлықақылар тағайындаған.
«Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды. Сонымен қатар, «Өлі жандар»деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленді», делінген хабарламада.
Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап...