Ағылшын ғалымдары үш адамның қатысуымен жасалатын ЭКО әдісі балаларды тұқым қуалайтын аурулардан сақтайды деп есептейді. Осындай жолмен дүниеге келген сегіз баладан анасының аса күрделі ауруы анықталмады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Ұлыбританияда үш адам қатысатын жаңа ЭКО, яғни жасанды жолмен ұрықтандыру әдісінің көмегімен сегіз бала дүниеге келді. Олардың бәрінің дені сау, яғни анасының генетикалық ауруы тұқым қуаламаған Сәрсенбі күні Ньюкасл университетінің ғалымдары жаңа әдіс туралы есебін жариялады.
Ағылшын ғалымдары аталықпен ұрықтанған аналық жыныс жұмыртқасын аноним донор ұсынған генетикалық сау аналыққа орналастырған. Мұндай әдіске әлем елдерінде, мәселен, Құрама Штаттарда тыйым салынған.
Жаңа әдіс ана митохондриясындағы мутацияға ұшыраған гендердің балаға берілуін...