Шымкентте «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған.
«Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып алдаған. Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған», – делінген ақпаратта.
Бастапқы салым 500 мың теңгеден басталған. Салдарынан шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Күдіктілер бұл ақшаға Түркістан облысында жалпы...