Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие алу кезіндегі алаяқтықты алдын алу үшін банктерге қойылатын талаптарды күшейтпек. Енді банктер несиені онлайн рәсімдеген кезде, биометриямен қоса, клиенттің телефон номеріне бір реттік пароль жіберуі керек. Бұл адамдардың сыртынан кредит алуды шектеуі тиіс. Осы мақсатта ҚНРДА банк қызметін реттейтін құқықтық актілерге өзгерістер енгізеді.
«Банк Интернет арқылы банктік қарыз шарты жасалғанға дейін клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерді енгізеді, көрсетілген нөмірге бір реттік пароль жібереді және Cәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – CДАО) қызметтерін пайдалану арқылы немесе банктің құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентт...