Соңғы аптада Қазақстанда касса бойынша ең көп қаражат жинаған кинолар көшін «Шекер: соңғы мүмкіндік» фильмі бастап тұр. Ticketon мәліметінше, бұл фильм 461 миллион теңгеден астам табысқа жетіп, бір уақытта шыққан «Нурикамал» фильмінен бес есе көп табыс жинады.
«Шекер: соңғы мүмкіндік» – 461 166 017 теңге
Sheker («Шекер») – бұған дейін Salem Social Media студиясының түсірген ең танымал сериалдарының біріне айналды. Сериал Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдыққа ие болды. Фильм сюжеті студенттердің есірткі сатуымен айналысып, қылмыстық жолға түсуі туралы. Екі маусымда сәтті шығып YouTube платформасында 35 млн астам қаралым жинаған еді. Енді сериалдың жалғасы ретінде продюссерлер фильмді үлкен экранға...