Фото: kursiv.media
Sputnik ақпараттық порталында Қазақстандағы уран өндірушілеріне қатысты ақпарат тарады. Ол ақпаратта уран өндіруші компаниялардың активтерге иелік ету үлесі инфографика арқылы көрсетілген. Бұл туралы Energy analitics телеграм арнасының авторы, сарапшы Абзал Нарымбетов жазады.
Ол инфографикаға сенсек, барлық активтер ретімен бөлінген секілді. Алайда «Буденовское» БК «Қазатомөнеркәсіптің» уран қорының 5/1 құрайды. Бұл көлем әлемдік уран жеткізілімінің 10%-на шақ. Сол себепті де телеграм арналары бұл инфографиканы Қазақстан халқын «тыныштандыру» үшін жасалған деп бағалады. Яғни инфографикаға бір қарағанда «Росатомның» уран өндірісінде соншалық басымдыққа ие емес секілді көрінуі мүмкін.
Алайда іс жүзінде «Росатомның» Қазатомөнеркәсіптегі өндіріс үлесі 21 пайызды құраса, қордағы...