10 қарашаға қараған түні Ресей әскерлері Украинаға 145 Shahed 131/136 дрондармен және белгісіз ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Әуе қорғанысы күштері 62 әуе нысанын атып түсірді. Бұл туралы Украина қарулы күштерінің Әскери-әуе күштері хабарлады.
Осылайша, оккупанттар уақытша басып алынған Қырымда орналасқан Приморско-Ахтарск, Орел, Брянск және Чауда мүйісі сияқты төрт бағытта дрондарды ұшырды.
Әуе шабуылына зениттік-зымырандық күштер, авиация, радио-электронды соғыс бөлімшелері, Әскери-әуе күштері мен қорғаныс күштерінің мобильді атыс топтары тойтарыс берді.
Сағат 09:30-дағы жағдай бойынша Әскери-әуе күштері Одесса, Киев, Житомир, Харьков, Полтава, Сумы, Винница, Хмельницкий, Чернигов, Днепропетровск, Николаев, Запорожье және Донецк облыстарында 62 ұшқышсыз ұшақтың құлатылғанын растады.
Тағы ресейлік 67 ұшқышсыз ұша...