ALMEX холдингтік тобы арқылы ерлі-зайыптылар Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева бақылайтын Halyk Bank акционерлері, қолданыстағы акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығын қолданбай, 2024 жылғы 9 желтоқсандағы кезектен тыс жиналыста банктің акцияларын орналастыру тәртібін, ең көп саны мен мерзімін анықтау мәселесін қарайды.
«Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі… 2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бір жай акциясына дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 3. 2025-2027 жылдарға арналған қызмет нәтижелері бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 4. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларын...