Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін әлемдегі 10 бай адамның табысы 63,5 млрд долларға артты. Олардың тізімін Bloomberg жариялады.
Мәселен, сәрсенбі, 6 қараша күні Tesla Inc. компаниясының басшысы, миллиардар Илон Масктың кірісі 26,5 млрд долларға көбейді. Бір күндік табысы еселенген байлардың қатарында Amazon.com Inc. басшысы Джефф Безос және Oracle Corp. басшысы Ларри Эллисон бар. Бұл Bloomberg-тің әл-ауқат индексі жүргізіле басталған 2012 жылдан бері бір күн ішінде тіркелген ең үлкен өсім болып тұр.
Ал Трамп таққа отырғалы табысы артқан 10 байдың қатарында жоғарыдағы үшеуден бөлек, Марк Цукерберг, Бернар Арно, Билл Гейтс, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Уоррен Боффетт...