Қазақстан миноритар акционерлер қауымдастығы (QAMS) ел азаматтары бағалы қағаздар саудасынан алатын кірісінің салық салынатын шегін енгізуді ұсынады. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі акциялар саудасы мен дивидендке салық салу бастамасын көтерген болатын.
Жеке инвесторлар қауымдастығы бағалы қағаз өсімі мен одан түсетін жылдық табыс 100 мың АЕК-тен асса ғана, салық салған жөн деп тұжырымдайды. Биыл 100 мың АЕК 267,2 млн теңгені құрайды.
Яғни, инвестор бағалы қағаздарының қымбаттауы мен дивидендтерінен жылына 267 млн теңгеден аса пайда көрсе – салық төлейді. Ал бұндай пайда көрмесе, салықтан босатылуы тиіс.
Қауымдастық өкілдері бұл бастамалары Қазақстан қор нарығын дамытып, оның халықаралық деңгейдегі инвестициялы...