2024 жылдың 9 айында қазақстандық банктер 1,85 трлн теңге таза пайда тапқан. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 1,85 трлн теңге табыстың 1,35 трлн теңгесі – ірі 5 банкке тиесілі.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында:
Halyk bank – 599,9 млрд теңге; Kaspi Bank – 378,7 млрд теңге; БЦК – 139,1 млрд теңге; Jusan Bank – 120,3 млрд теңге; ForteBank – 113,3 млрд теңге таза пайда алған.Бұл банктер – елдегі жүйе құраушы банктер болғандықтан, олардың активтері де, клиенттері де басқа банктермен салыстырғанда көп. Қазір Қазақстандағы 21 банктің балансында 58 трлн теңге актив бар.
Соның ішінде Halyk bank-тің актив...