Алматы қаласының әкімдігі өзінің имиджін көтеруге 44,6 млн теңге көлемінде қаражат жұмсауды көздеп отыр. Әкімдік тапсырысы мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландыруды «Алматы индустриялық аймағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жариялаған. Бұл тапсырысты ұтып алған әлеуетті жеңімпаз компания Алматы қаласы әкімдігінің қызметі жөнінде интернет көздерінде, БАҚ-та ақпарат жариялауы керек. Ол ақпарат қазақ және орыс тілдерінде дайындалуы тиіс. Құжаттың техникалық сипттамасында 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 108 материал шығарылуы керек екені жазылған.
«Сатып алынатын қызметтер мыналарды қамтуы тиіс: Тапсырыс берушінің қызметі және Алматы қаласы әкімдігінің қызметі туралы Мемлекеттік және орыс...