Қазақстандағы сақтандыру компаниялары 2024 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысында 156,6 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл ІІ тоқсандағы 97 млрд теңгемен салыстырғанда, 60%-ға артық.
Жоғары пайда алған сақтандыру компаниялары
Қазір сақтандыру нарығында 24 сақтандыру және қайта сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Үшінші тоқсанда «Еуразия «СК» АҚ, «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ ең көп пайда тапқан.
«Еуразия» сақтандыру команиясы 2024 жылдың 9 айында 51,4 млрд теңге таза пайда көрген. «Евразия» сақтандыру компаниясы «Еуразия қаржы компаниясына» тиесілі. Қаржы тобының түпкі иесі – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер Алиджан Ибрагимов, Патох Шодиев