Алматы облысында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелерде, соның ішінде Талғар бағыты бойынша жолдарда полицейлер цифрлық технологиялар көмегімен жасырын патрульдеу жүргізуді бастады.
Мұндай рейдтер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүзеге асып жатыр.
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс аумағында 1447 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған байланысты өңірде жол апаттарының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылданып, техникалық мүмкіндіктер белсенді түрде пайдаланылу үстінде.
Талғар тас жолында бірнеше техникалық құралдарды қамтитын жасырын патрульдеу жүйесі енгізілген:
Дрондар – әуеден қауіпті маневрлер мен қарсы бағытқа шығу жағдайларын бақылап түсіреді; «Ekin Patrol» жүйесі – көлік нөмірлерін автоматты түрде анықтап, жылдамдықты асыру, техникалық байқаудан...