Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасына үкім шығарылды, ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім олардың қатысуымен жарияланды. Сот істі «өте құпия» деген белгімен қарады. Бұл туралы Астана қаласы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады.
Тергеу айыптауы
Кәрім Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Д.Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алды, (ҚК...