Қазан айында Қаржы министрлігінде ашылған «Арнайы мемлекеттік қорға» түскен қаржы көлемі 177,7 млрд теңге болды. Ал басқарушы компанияның теңгерімінде әлі құны 90,3 млрд теңге болатын 254 актив бар. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның 171 млрд теңгесі – мемлекет меншігіне қайтарылған қаражат. 6,5 млрд теңгесі активтерді басқару мен сатудан түскен.
Бірақ заңсыз жолмен табылған активтердің кімнен қайтарылғаны ашық айтылмады. Бір анығы, биліктің бұл активтерді тәркілеуден гөрі, ерікті түрде қайтаруға мүмкіндік беріп отырғаны мәлім.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Арнайы мемлекеттік қордың қаржысы әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ.
«Активтер әртүрлі. Компаниялардағы үлестен бастап жылжымайтын мүлікке дейін...