Грузияның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Оппозиция нәтижені мойындамайды және наразылық білдіруге уәде берді.
Соңғы мәліметтер бойынша дауыстардың 95,5%-ын санағаннан кейін, биліктегі «Грузин арманы» партиясы 54,22% дауыс жинағаны анықталды.
Одан кейін «Өзгеріс үшін коалиция» – 10,82%, «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» – 10,07%, «Күшті Грузия» – 8,7%, «Грузия үшін» – 7,71% оппозициялық партиялар келеді. Бұл партиялардың барлығы 5% кедергіні еңсергендіктен, депутаттық мандатқа ие болды.
Алдын ала жарияланған ресми нәтиже бойынша бұрынғы премьер-министр және биліктегі «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы Бидзина Иванишвили 26 қазанда өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті.
Оппозициялық партиялар қазанның 27-сі күні таңғы брифингте сайлау нәтижесін...