Германияның Raiffeisen Waren GmbH компаниясы Қазақстанға ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуі мүмкін. Сонымен қатар Fendt және Valtra техникаларын Қазақстанда құрастыратын зауыт пен сервис орталығын құру мәселесі талқыланып жатыр.
Осы мақсатта «Бәйтерек» холдингі мен Raiffeisen Waren GmbH ауылшаруашылық техникасын құрастыру саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ.
«Бәйтерек» холдингінің асқарма төрағасы Рустам Карағойшин мен Raiffeisen Waren GmbH компаниясының Бас атқарушы директоры Марио Зосе кездесіп, агроөнеркәсіптік салада стратегиялық әріптестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырған.
Кездесу барысында тараптар «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін, Қазақстан фермерлеріне заманауи ауыл шаруашылық техникасын жеткізу және қаржыландыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, Fendt және Valtra техникасын Қазақстанда құрастыратын...