Қытайдың DJI Technology Co компаниясы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігін сотқа берді. Бұл әлемде ең көп дрон шығаратын компания АҚШ-тың санкция тізімінен шығуға әрекет етіп жатыр.
Пентагон оны Қытай армиясымен ынтымақтасқан деп күдіктеніп отыр. DJI 16 ай бойы сотқа дейінгі тәртіппен АҚШ-тың қорғаныс министрлігімен байланысқа шықпақ болған. Бірақ одан түк шықпапты.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, DJI қытай әскерилеріне қарамайды және бақыланбайды. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі де тек қана компанияның тұтынушы және коммерциялық дрондар шығаратынын мойындайды. Сондықтан олардың федералды сотқа жүгінуден басқа амалы қалмаған.
АҚШ қорғаныс министрлігі болса, Қытайдың әскери компанияларының тізімін ұдайы жаңартып отырады. Онда түрлі экономикалық шектеулер қояды. Ондағы мақсат – Бейжіңн...