Суық түсті екен деп сәнді болудан бас тартып, қара түсті киім киюге асықпаңыз. Күз — ең жайлы әрі әдемі образдар құрастыратын кезең. Биылғы күзде табиғи түстер, сәнді трикотаж, еркін киімдер мен ірі, массив әшекей бұйымдар сәнде болмақ. KursivМedia әдемі болып жүргенді ұнататын, алайда суық түскелі не киерін білмей дал болған оқырмандар үшін арнайы топтама әзірледі.
Маусым трендтері
Трикотаж революциясы
Трендсеттерлер биылғы маусымның басты тақырыбы етіп трикотаж киімдерді ұсынды. Денеге жайлы әрі өте жылы трикотаж киімдер образды да ерекше етеді. Ірі тоқыма, жұмсақ әрі текстуралы мата, түстің сан алуандығы, әртүрлі пішім – кез келген жағдайға қарай қалаған киім үлгісін таба...