Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты елде жанар-жағармай тапшылығы туындамауы үшін ҚМГ Шымкент пен Павлодардағы мұнай зауыттарында өндіріс көлемін арттырған. Бұл жайлы «Қазмұнайгаздың» баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-да жоспарлы-алдын алу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр.
«Бүгінде жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонна жабдығының ішкі құрылғыларын модификациялау және т.б. жұмыстар атқарылып жатыр. Қысыммен жұмыс істейтін құралдарды тексеру мен қадағалау жөніндегі іс-шаралар жалғасуда»,- делінген хабарламада.
Компания елде жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын хабарлады. Өйткені елдегі қажеттілік бұдан бұрын жиналған қор...