Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі депутаттардың онлайн-несиеге тыйым салу туралы ұсынысын қолдамайды. Бұл мәселені депутаттар мен ведомство өкілдері Мәжілісте көтерді.
Депутат Никита Шаталов Мәжіліс депутаттарының бастамасымен онлайн несие беруге тыйым салу мәселесі көтеріліп жатқанын, бұл бастама қарапайым азаматтардың қарызының көбейіп кетуіне тосқауыл болу мақсатында көтеріліп жатқанын айтты. Сонымен бірге тыйым салу арқылы халықтың атынан онлайн несие рәсімдейтін алаяқтардың әрекетіне кедергі қою көзделген.
«Үкімет онлайн несие беруге тыйым салу туралы бастамамызды қабылдайды деген үміттеміз. Осы орайда Ұлттық банк пен ҚНРДА-ның ұстанымы қандай?», – деп сұрады депутат.
ҚНРДА басшысы Мадина...