FlyArystan 2025 жылдың 1 қаңтарынан өз рейсеріне жаңа код қолданады. Бұл кодты лоукостерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы берген. Яғни келер жылдың қаңтарына әуе компаниясының рейстері қазіргі KC кодының орнына FS кодын пайдаланады.
FlyArystan президенті Ричард Леджер жаңа кодты қабылдау – FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі туралы стратегиялық шешімге байланысты екенін айтады. Ол қазақстандық әуе компаниялардың әлемдік авиациядағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етпек.
«Жолаушылар саяхаттың барлық кезеңінде – мобильді қосымша мен веб-сайт арқылы брондаудан бастап әуежайда және үшінші тарап платформаларында тіркеуден өтуге дейін «KC»-ден «FS»-ке кодтың өзгеруін байқайтын болады. Сонымен қатар билет нөмірінің префиксі (алғашқы үш сан...