Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заң арқылы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Өзгеріске сай, енді қандай да бір оқу орнында оқып жатқан жастар білім алуына байланысты әскерге шақыруды бір рет қана кейінге шегере алады. Бұл университет студенті сабағына байланысты 4 жылда бір рет қана әскерден босатылады