Қазан айының ортасынан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады. «Қазгидромет» болжамына сүйенсек, қыс алдымен елдің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне келеді.
Әсіресе, алдағы демалыста күннің жылы болуына қарамастан, қар негізінен оңтүстік өңірлерге жауады. Қызылордада күн райы +20 +10 аралығында құбылып, қар жауып найзағай соғады. Мұндай құбылыс Тараз (+18 +15), Түркістан (+22 +16) мен Шымкентте де (+19 +15) қайталанады.
Демалыста қар ауа температурасы ең төменгі бағанды көрсететін солтүстік өңірлерге де жауады. Қостанайда температура 0 градустан -2 градусқа дейін, Павлодарда +10 градустан -2 градусқа дейін, Петропавлда 0 градустан -2 градусқа дейін, Өскеменде +23 градустан -1 градусқа дейін төмендейді.
Орталық Қазақстанда демалыста қар аралас жаңбыр...