Экономист Ғалымжан Айтқазин Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің теңгені «тұрақты валюта» дегені сенімсіздеу шықты деп тұжырымдайды. Вице-министрдің пікірі бәріне белгілі тезистерге құралғандай. Ал Айтқазин дәл қазір теңгенің әлсіреуіне «бюджет түсімінің төмендігі» қысым көрсетіп тұр деген пікірде.
Өйткені теңге әлсіреген сайын, Қазақстан бюджетіне экспорттан түсетін қаржы көлемі артады.
«Биыл валюта нарығында негізінен ішкі факторлардың ықпалы басым болды. Солардың бірі – Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылған трансферттер. Ұлттық банктің Ұлттық қордағы валютаны Қазақстан қор биржасында сатуы – Қазақстанда теңге бағамына қысым жасап, оның нығаюына ықпал етеді. Ұлттық қордан сатылатын валютаның ықпалы мұнай бағасы мен сыртқы сауда...