2024 жылдың 3-тоқсанында АIX биржасында Джерси аралынан көшкен Solidcore Resources (бұрынғы Полиметалл) компаниясының акциялары ең көп саудалаған.
9 айда Solidcore Resources акцияларымен сауда-саттық 17 млн долларды құрады. Бұл туралы KursivMedia сауалына АIX биржасының берген жауабында жазылды.
Бұл компания акциялары былтыр да жақсы саудаланған: 2023 жылдың 9 айындағы сауда 370 млн долларға тең болды.
Жалпы қазіргі кезде АIX биржасында 131 эмитенттің 229 бағалы қағазы айналымда жүр. 2023 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда, бағалы қағаздар шығарылымы 150-ден 229-ға дейін жеткен.
Жыл басынан бері биржадағы сауда-саттық көлемі айтарлықтай өсіп, 922 млн құрады. 2024 жылдың ІІІ тоқсанында сауда 2023 жылдың сәйкес...