Алматы полициясы күшейтілген режим жұмысына көшті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми ақпарат көзінде хабарланды.
Жария болған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ өзге де құқықтық қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет режиміне ауысқан. Өзгеріске байланысты полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонында кездесу ұйымдастырған.
«Қаладағы қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы жедел әрекет етулеріңізге және нәтижелі жұмысымызға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Алматы полициясы озық материалдық-техникалық базаға ие және қылмысқа қарсы жұмыс жасап, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілген. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау Ішкі істер органдарының басым міндет...