Ішкі істер министрлігі биыл 43 суицидке жетелейтін интернет ресурсты анықтаған. Бұл жайлы ІІМ реми өкілі Шыңғыс Әлекешов айтты. Министрлік өкілі кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке көп жағдайда қандай жағдайлардың әсер ететіні туралы да айтты
Министрлік өкілінің мәліметінше, құзырлы орган интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылды тұрақты әрі белсенді жүргізеді. Әлекешов бұл шаралардың ішінде заңсыз контентті, оның ішінде, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаумен байланысты ресурстарды анықтауға және оларды бұғаттауға баса назар аударылатынын жеткізді.
«Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде, суицидтік белгілері бар 43 интернет ресурс анықталды. Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға яғни...